«Ресейді ұятқа қалдырғым келмеді». Федерация басшысы 4 жылға сотталды.

Dalanews 17 қыр. 2020 04:32 257

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясын 1999-2015 жылдар аралығында басқарған Ламин Диак Париж сотының шешімімен коррупция бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға сотталды.

Сот процесі кезінде Диак бірнеше жыл қатарынан ресейлік спортшылардың допингке сынаманың оң нәтиже көрсеткенін жасырып келген. Ол мұны 2013 жылы Мәскеуде өтетін жеңіл атлетика бойынша әлемдік чемпионат алдында Ресейді ұятқа қалдымау үшін және ірі демеушілермен келіссөзді бұзбас үшін барғанын айтқан.

Сот мәліметіне сәйкес, бұл ресейлік спортшыларға 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік берген.


Париж соты Диактан басқа Ресей жеңіл атлетика федарациясының бұрынғы басшысы Валентин Балахничев үш жылға, Ресей құрамасының бұрынғы бапкері Алексей Мельниковты екі жылға бас бостандығынан айырды. Екеуі де Ресейде тұратын болғандықтан, сырттай сотталды. Франция оларға халықаралық іздеу жариялады.

Балахничев кінәсін мойындамады. Сот шешіміне қарсы Франция Жоғарғы сотына және Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотқа шағымданамын деп отыр.

Ресей жеңіл атлетика федерациясы 2015 жылдан бері допинг ережесін бірнеше рет бұзғаннан кейін дисквалификацияланды. Сол себептен ресейлік жеңіл атлеттер халықаралық спорт байқауларына қатыса алмайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x