Қазақстанда MEGA желілері жабылды

Dalanews 17 нау. 2020 07:29 194

Бұл туралы MEGA сауда ойын-сауық орталықтар желісінің бас директоры Сейітжан Есмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Біз барлық MEGA сауда ойын-сауық орталықтарын жабу туралы шешім қабылдадық. Біз мұны кез келген коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында, сондай-ақ жалға алушылар мен келушілерден келіп түскен өтініштерді ескере отырып жасап отырмыз. Супермаркет пен дәріхана өз жұмысын әрі қарай жалғастыра бермек. "Рамстор" супермакеті күнделікті сағат 9:00-ден 23:00 дейін, ал дәріхана сағат 10:00-ден 22:00 дейін жұмыс істейді.

Біздің алдымызда өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығын сақтау міндеті тұр. Өздеріңізге сақ болыңыздар!

Біз бұл қиын кездерде жасап отырған шараларымызға түсіністікпен қарайсыздар деп үміттенеміз, мұның барлығы сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін жасалуда.

Бірге біз бұл қиындықтардан да өтеміз!

Компаниямыздың атынан сіздерге сенімдеріңіз бен қолдауларыңызға алғыс білдіреміз, деп жазды MEGA сауда ойын-сауық орталықтар желісінің бас директоры Сейітжан Есмағамбетов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x