Бесіншы маусым қызықты өтті

Dalanews 25 сәу. 2019 09:17 235

«Балдәурен» республикалық  оқу-сауықтыру орталығында 2019 жылдың 5 мауысымы өте қызықты өтті.  Маусымның ерекше өтуіне «Ақыл-ой ойындары» жас математиктердің республикалық турнирі мен Ұлттық химиялық лигасының республикалық чемпионатының айрықша ықпал еткенін айта кетуіміз керек.  

Өз кезегінде жас математиктер мен химиктердің турнирлерінде балалар өте жақсы нәтижелер көрсетті. Бұл – мауысымда шығармашылық байқаулардың арасында жаңашыл бағыттағы іс-шара «Кел ойнайық» атты музыкалық ойындар жобасы болды. Жобаның мақсаты – баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметін арттырып, өнерге деген қызығушылығын артыру болып табылады.

Мерекелік іс-шаралар балалардың көңіл-күйін көтеріп, қызықты сәттерді есте қаларлықтай әсерге бөледі.

Алдағы уақытта осындай қызыққа, әсерге толы мерекелік іс-шараларды, жиі  ұйымдастыруды көздеп отырмыз.

Өскелең ұрпақтың тұлға болып қалыптасуы, жан-жақты дамуы, бойындағы өнерінің дамуы біз үшін маңызды. Терең білім алып, өзін дамытқан жастардың олимпиада жеңімпаздары болып, биік шыңдарды бағындыратыны анық.

Биылғы 5 мауысым барысында да, түрлі мерекелік іс-шаралар, танымдық кештер, интелектуалдық, зияткерлік ойындары ұйымдастырып, демалушы балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен терең білім бере алдық. Осының бәрі орталығымыздағы қызыметкерлердің тынымсыз еңбегінің нәтижесі деп беліемін.

Д.К. Қуандықова, ҒӘБ әдіскері

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x