«Идея форумы»: қала өмірін өзгертуге атсалыс

Dalanews 15 мау. 2018 06:05 226

Жыл өткен сайын Шеврон компаниясы жаңа идеяларды, жаңа бастамаларды қолдауды белсенді түрде жүргізуде.

Сөзімізге дәлел Алматыда Vласть интернет журналы және Шеврон компаниясының қолдауымен «Идея форумын» өтті.

Картинки по запросу компания шеврон казахстан
Шара ұйымдастырушыларының пікірінше, «Идея форумы» қаланың белсенді қауымына және шығармашылық өкілдеріне өз жобаларын таныстыруға мүмкіндік беретін алаң болмақ.

Жоба авторларының идеялары қала өмірін өзгертетін, қаланың екінші тынысын ашатын дүниелерге негізделуі тиіс.

Фото URBAN FORUM Kazakhstan.

 
Айта кетелік, осынау шараның бас демеушісі – Шеврон компаниясы.

Ал «Идея форумын» ұйымдастыруға бір топ белсенділер, оның ішінде танымал сәулетші, Urban Forum Almaty-ның негізін қалаушы Әсель Есжанова, ArchCode жобасының негізін қалаушы Әділ Әжиев және өзге танымал қоғам қайраткерлер атсалысқан.
Жоба ұйымдастырушылары бірнеше ай бойына қала өмірін, қаланың шағын аудандарындағы ахуалды жақсартатын, оң өзгерістерге бастайтын идеялар әзірлеумен айналысқан екен.

Атап айтсақ, мұның ішінде қала кітапханаларына оқырман тарту, қоғамдық демалыс орындарының сапасын жақсарту, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы орта қалыптастыру сынды өзекті жобалар қолға алынған.

Фото URBAN FORUM Kazakhstan.
«Идея форумы» қала тіршілігіне қолайлы жобалар ұсынады. Кемшіліктерді түзеуге, түйткілдерді тарқатуға тырысады. Идеялардың барлығы өмірдің өзімен үндес. Яғни, қоғамдық қолданысқа қажетті жобалар. Олардың барлығы да алдағы уақытта жүзеге асатын болады», – дейді шара ұйымдастырушылары.

Осынау форумға сонымен қатар бизнес өкілдері, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар, қала белсенділері де атсалысуда. 

Фото URBAN FORUM Kazakhstan.

"Идея форумы" аясында Алматының "Қарасу" шағынауданындағы көл жағасында жазғы амфитеатр ашылды. Бұдан бұрын бұл алаңқай қараусыз жатқан.
Ендігі жерде "Қарасу" ауданының 15 мыңға жуық тұрғындары кешкі серуенді дәл осы арада өткізе алады.

Жоба ұйымдастырушылары бұл арадан кездесуге, серуендеуге түрлі ойындар өткізуге ыңғайлы кеңістік құруға қол ұшын созды. Жоба жетекшілері мұнымен шектеліп қалмақ емес. Алдағы уақытта бұл арада спорт алаңы, көл жағасында отыруға ыңғайлы орындар, жаяу жүргіншілер жолы жасалып, бау-бақша отырғызылады.

 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x