Қайрат Нұртас – көп балалы әке (фото)

Dalanews 20 нау. 2018 04:02 300

Қайрат Нұртастың жұрттан жасыратын құпиясы қалмады! Былтыр қазан айында халыққа заңды жұбайын көрсеткен хитмен әнші күні кеше төрт бірдей баласын сахнаға алып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Суретте Қайраттың балалары Нарұл, Алау, Сезім ата-әжесімен бірге



19 наурыз күні Астана қаласындағы орталық концерт залында Қайрат Нұртастың отбасылық жеке кеші өтті.

Онда Қайрат жұбайы Жұлдызбен “Махаббатым” әнін шырқады. Сондай-ақ, кешке келген қонақтарға төрт бірдей перзентін таныстырды.

Бұған дейін бейресми деректерде Қайраттың төрт баласы бар екені айтылып келді. Расында солай болып шықты. Сонымен, Қайраттың тұңғышының есімі – Сезім, ал кенжесінің есімі – Хан.

Көпшіліктің пікірінше, үйдің үлкені мен кенжесі Қайратқа, ал ортаншы екеуі Жұлдызға ұқсайды.





 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x