Террорлық шабуылдың алдын алу: Қазақстандағы мигранттар қалай тексеріледі?

Қаракөз Амантай 26 сәу. 2024 12:43 2498

Қазақстанда баспананы жалға алатын мигранттарды толық тексеру жоспарланып отыр. Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі террорлық шабуылдардың алдын алу үшін жылжымайтын мүлікті жалға беру операцияларын бақылауды ұсынады. Күдіктілердің қатарына резидент еместер де кіреді.

"Мәскеуде болған лаңкестік шабуыл ("Крокус Сити Холл" СОО) террористердің тұрғын үйді жалға беру қызметін қалай пайдаланғанының нақты мысалы болды. Сонымен, лаңкестер өздерін құрылысшымыз деп таныстырып, қылмыс жасау жоспарланған жерге жақын тұрғын үйді жалдады. Клиенттерді тексеру кезінде күдік байқалса (резидент емес, тіркеу мен тұрақты жұмыс орнының болмауы, қолма-қол ақшамен төлеу, бір топ адам және т.б.), олар туралы деректер ҚББ-ға жіберіліп отырады", – делінген "Ашық НҚА" порталында ұсынылған түзетулер пакетінде.

Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігі Қазақстанда көші-қон заңнамасын бұзған 710 тәжікстандық жауапқа тартылғанын мәлімдеген еді.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар