«Жұлдыз» болған жақсы ғой...

Dalanews 26 қаз. 2017 05:21 209

Өнер жолы – ауыр жол! Бұл сөзді ел алдында жүрген белгілі азаматтар мен азаматшалар жиі қайталайды. Алайда кинорежиссер Нұртас Адамбайдың пікірі бұған кереғар. Оның айтуынша, танымал “жұлдыз” болудың артықшылықтары көп. Ең бастысы, сөзім өтетіндіктен, халыққа көмектесе аламын дейді ол. Бұл жайында Stan.kz сайты хабарлайды.



«Жұлдыз» болған жақсы ғой (бұл сөзді ұнатпаймын, сондықтан да тырнақшаға алдым). Танымалдылығымның арқасында жақында Мысырда тегін демалып келдім. Ал бүгін костюм, жейде, туфли мен сағатқа ие болдым. Мейрамхана, СПА салон мен түрлі фитнесс-клубтарқа сертификаттар жиі ұсынылады.

Жақында қымбат телефон сыйға тартты. Тіпті, Оңтүстік Кореяда медициналық тексерістен өтуге болатынын айтып жатқандар бар. Әлеуметтік желіде жарнама жасауға жиі ұсыныс түседі. Көшеде көпшілік таниды, қолдарын беріп, жылы тілектерін білдіреді, суретке түседі.

Қалада кез келген жерден оңай өтіп кетемін. Қысқасы, танымалдылықтың артықшылықтары көп. Бірақ ең басты артықшылығы – әлеуметтік желі арқылы мен қоғамдағы, еліміздегі маңызды сұрақтарды көтере аламын. Осыған шынайы сенемін. Сондықтан да кей әріптестерім: “Неге әр жерге басыңды сұғасың?” – деген кезде: “Сіздер араласпағандықтан, мен араласамын”, – деймін. Мені “жұлдыз” қылған халық, сондықтан да мен әрдайым халықпен бірге, яғни халықтың ішінде боламын. Қысқасы мені түсіндіңіздер ғой”, – деп жазды Нұртас желідегі парақшасында.

 

 

https://dalanews.kz/31492

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x