Головкин – Альварес жекпе-жегі Лас-Вегас қаласында өтеді

Dalanews 08 мам. 2017 03:04 289

WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварест арасындағы жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді, – деп xабарлайды ҚазАқпарат ВКонтакте желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобына сілтеме жасап.

Көптен күткен жекпе-жек Лас-Вегас қаласындағы "T-Mobile Arena" кешенінде өтеді. Дәл сол жерде бүгін Сауль "Канело" Альварес өзінің жерлесі – кіші Чавесті ұпай санымен ұтқан болатын.

Айта кетейік, аталған жекпе-жектен кейін Сауль Альварес рингке Геннадий Головкинді шақырды. Сол жерде екі боксшы ағымдағы жылы 16 қыркүйек күні жұдырықтасатындарын жариялады.

«Бұл жолы басқа оқиға болады. Қыркүйекте Big Drama Show болады. Саульді бүгінгі жеңісімен құттықтаймын. Ол менің мансабымдағы ең үздік қарсыласым болады. Қыркүйекті күтіңіздер. "Канелоға" не деймін? Қыркүйекте кездескенше!»  – деді Головкин рингте комментатор және HBO жүргізушісі Макс Келлерманның сұрағына жауап бере отырып. Осыдан кейін екі боксшының командалары баспасөз мәслиxатын өткізді. Сол жерде Головкин және Альварес алғаш рет көз арбасты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x