Намазы жоқтың оразасы қабыл ма?
1.84k
Намаз оқымайтын кісі, рамазан айында ораза ұстаса, ұстаған оразасының сауабын алады. Алайда, намаз оқымай жүргені үшін де үлкен күнәға батады[22]. Өйткені, намаз мұсылмандығымыздың белгісі. Ардақты Пайғамбарымыз бұл жайында: «Шындығында, мұсылман мен кәпір және мүшриктердің ара жігін айырар белгі — намаз оқу[23]», — дейді. Сондықтан да, оразамен қатар намазға да бастағаны жөн.