«Ұнатпаймын». Назарбаев Жүрсін Ерманға не деді?

Dalanews 27 сәу. 2017 05:14 332

Қазақстан халқы асссамблеясының кезекті отырысына қатысқан президент айтыс ақындарының өзін асыра мақтайтынына көңілі толған жоқ.

Жылда көктемде еліміздегі барлық ұлт өкілдері дәстүрден айнымай Астанаға жиналады. Елбасы дәл осы кездесуде Қазақстанды мекен еткен  орыс, кәріс, өзбек, тәжік сынды жүзден астам этностың басын қосып, кеңеседі.

Ассамблея жиынында қазақтың төл өнері айтыс сөз болды. Мәселен, ақын Жүрсін Ерман: «шайырлар президентті жырлағанда жұрт қатты қолдайды» деп еді, Нұрсұлтан Назарбаев ондай айтыстарды ұнатпаймын деп тыйып тастады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан республикасының президенті:
—  Меніңше, айтыс алдымен облыстарда өтсе, сол жерлерден жеңімпаз шықса, оларды таңдап, республика бойынша көрсетсе, дұрыс болар еді. Кілең дүлдүлдер шығуы тиіс. Оның сөзі әніне сай болуы қажет. Әйтпесе, сендер «Назарбаевты мақтаңдар» деп тапсырма бересіңдер, содан неше түрлі бәлелер айтылып кетеді. Адам тыңдамайтын.

Бірақ Жүрсін Ерманда тосылып қалмады. Елбасының ескертуін жуып-шаюға кірісті.

Жүрсін Ерман, ақын:

—  Айтыстарда сіздің портретіңізді жасаған кезде залдағылар уылдап-шуылдап қолдап отырады.  Сол кезде , көзіме жас келеді. Мен жағымпаздықтан айтып отырған жоқпын.

Жағымпаздыққа жаны қас екенін тағы қайталаған мемлекет басшысы бастысы бірлікті көздің қарашығындай сақтау керектігін шегелеп айтты.

Дереккөз: КТК 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x