Дәурен Абаев Беларусь мемлекетіне ресми сапармен барды

Dalanews 19 сәу. 2017 05:24 256

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Д.Абаев Беларусь Республикасының «Жоғары технологиялар паркінде» болып, парктің және IT саладағы бизнес-инкубаторлардың жұмысымен танысты. Парк басшылығымен кездесудің қорытындысы бойынша ЖТП мен «Зерде» холдингінің арысында тығыз ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу бойынша келісімге қол жеткізілді.

Бұдан бөлек, Д.Абаев Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың Байланыс әкімшіліктері басшылары кеңесінің 52-ші отырысына  және ТМД-ға мүше мемлекеттердің ақпараттандыру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 23-ші отырысына қатысты.

Байланыс саласындағы өңірлік достастық отырысы шеңберінде Д.Абаев Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстан елдері байланыс әкімшілігінің басшыларымен, сондай-ақ Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысы Х.Чжаомен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Сонымен қатар, Д.Абаев Еуразиялық экономикалық одақтың Цифрлық күн тәртібін әзірлеу жөніндегі ЕАЭО уәкілетті органдары басшыларының отырысына қатысты. Отырыс барысында тараптар бірлескен цифрлық жобаларды әзірлеу мәселелерін қарастырды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x