Бишімбаев 1 млрд. теңге ұрлаған

Dalanews 13 ақп. 2017 08:47 201

«Бәйтерек» ұлттық холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев Қызылордадағы әйнек-шыны зауытының құрылысынан 1 млрд тенге ұрлаған, деп жазады Zakon.kz.
Ұрланған ақша сыбайлас компания арқылы жұмысшылардың тамағы мен жатын орны үшін деген желеумен қолма-қол ақшаға айналдырылған екен.

Бишімбаев ұйымдастырған қылмыстық схемаға «Orda Glass» ЖШС және «Шымкентхиммонтаж» ЖШС-інің Ибрашев Д., Исабек Ж. және Қожабаев М. деген азаматтар да қатысқан.
Аталған соманың 2 млн долларын Қуандық Бишімбаевтың жеке өзі делдал – інісі Нұрлыбек С. арқылы алған.

Тергеу әлі жүріп жатыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x