"Арқадағ" 97,69 пайыз дауыс жинады

Dalanews 13 ақп. 2017 06:39 700

Түркіменстанда өтіп жатқан Президент сайлауының алғашқы қорытындысы шықты. Елдің қазіргі Президенті Гурбанғұлы Бердімұхамедов "шашасына шаң жұқтырмады". 

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, Гурбанғұлы Бердімұхамедов сайлауда 97,69 пайыз дауыс жинап, өзінің нағыз "ақалтеке" екенін дәлелдеген. "Арқадағ" деген атаққа ие оның қарсыластарлы 7-еу еді. Болжамға жүйенсек, олар небары 2 пайызға жетер-жетпес сайлаушыны бөліске салған көрінеді.

 2016 жылдың 14 қыркүйегінде қабылданған Түрікменстанның жаңа Конституциясына сәйкес, президенттік өкілеттіктің 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылған. Сонымен бірге Президент болу үшін 70 жастан аспау керек деген шектемені алып тастаған. Демек, Бердімұхамедов те Орталық Азиядағы кейбір президенттер секілді тағын тірісінде бермеуді мақсат тұтып отыр деуге болады. 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар