Ерік Жолжақсынов «лайықты адамға» қызын тоқалдыққа беруге қарсы емес

Dalanews 22 желт. 2016 05:52 416

Жуырда ғана эфирге шыққан "Тоқал" фильмінде басты рөлді сомдаған Ерік Жолжақсынов тоқал алу мәселесіне дұрыс қарайтынын 31-арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды nur.kz.

Оның айтуынша, тоқал алу ол қазақтың салтында да, дін тұрғысынан алғанда да дұрыс екенін айтады.

– Бізде тоқал алуға, екінші әйел алуға болмайды деген заң шықты ма? Мұхаммед пайғамбарымыздың өзі бірнеше әйел алған. Соның ішінде балалы, жесір қалған әйелді алған. Сауабы тисін, балалары ер жетсін деп. Қыздарымыз ұстағанның қолында, тістегеннің аузында да кетіп жатыр. Жағдайлары бар ағалар неге алмасқа? – деді ол.

Сонымен бірге, туған қызын өзімен жасты ер адамға тоқалдыққа беруге келісесіз бе деген сұраққа Ерік Жолжақсынов басында тосылып қалғанымен, артынша егер лайықты адам табылып жатса, неге бермеске деген пікірін жеткізді.

– Енді ол сұрақ, мен оған қанша қарсы шыққанымен ол жақсы көріп тұрса, мен әкелік парызымды айтам. Егер жігіттің өзі мен онсыз өмір сүре алмаймын десе әңгіме басқа. Әр әке өзінің әкесін қорғаштайды, – деді Ерік Жолжақсынов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар