Сейітқазы Матаевқа қатысты сот үкімі шықты

Dalanews 03 қаз. 2016 10:36 193




Бүгін Қазақстан журналистер одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі болған Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаевтарға қатысты сот шешімі шықты.





 Астана қаласының № 2 Есіл аудандық соты шешімі бойынша Сейітқазы Матаев 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның ұлы Әсет Матаевқа бес жыл берілді.
Айта кетейік, бұған дейін тергеу кезінде Сейітқазы Матаевтың журналистік ортадағы атақ-беделін пайдалану арқылы «Қазақтелеком» АҚ жарнамаларын БАҚ беттеріне жариялауда жеңілдіктер жасатып, осылайша, жарнамалық материалдың жазылуы мен жасалуына еш қатысы болмаса да акционерлік қоғам төлеген қаржының 50 пайызын өз қалтасына басып отырғаны анықталған.

Сондай-ақ «Ұлттық баспасөз клубының» есебінен мейрамхана мен дүкендерге 279 миллион теңге жұмсағаны, 2010 жылдан бастап 2015 жылға дейін Сейітқазы Матаев Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне жалпы сомасы 169 млн теңге көлемінде залал келтіргені айтылған болатын.


 

Дереккөз: Baq.kz 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x