Әншілер оқыған үш кітап

Dalanews 05 қыр. 2016 14:51 333

Қазір әнші-әртістер, биші-күйшілерге "қандай кітап оқыдың?" деп сұрай қалсаң Әліппеден кейін "Абай жолын" оқығанын білесің. Бұдан соң ұлы шығарманы терең толғаныспен түсінгенін қысқаша айтып береді.

Сәл ойланады да соңғы уақыттары Құран Кәрімді оқып, иманға бет бұрғанын айтқанда қарқылдап күліп жіберуге шақ қаласың.

Өз басым "Абай жолы" мен Құран Кәрімнің олардың үйінде бар екеніне шек келтірмеймін. Бірақ Әліппе мен "Абай жолының" арасында жүздеген кітапты оқу қажет қой. Сол сияқты "Абай жолымен" Құран Кәрімнің арасын тағы жүздеген бар екенін айтсаң, олардың ойсыз көзі бағжаң ете қалатыны анық.

Әліппеден кейін "Абай жолы" мен Құран Кәрімді оқу – тіпті ақылға симайтын дүние. Қарпайым адамға бірден 150 келі болатын кір тасын көтерткенмен бірдей. Оданша әншілеріміз «кітап, газет-журнал оқымаймын» десе елге сүйкімді болар ма еді.

 

Жарбол КЕНТҰЛЫ

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x