Гүзел Манюрова финалға шықты

Dalanews 18 там. 2016 17:07 262

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер күресінен 75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Гүзел Манюрова жартылай финалда ресейлік Екатерина Букинамен жолықты.

Бұл екеуі сыралғы қарсылас. Тіпті, бір залда жаттыққан. Өйткені, Манюрова кезінде Ресейдің намысын қорғаған болатын. Тәжірибелі қос қарсылас арасындағы белдесу аса тартысты өтті. Кездесу аяқталуына 8 секунд қалғанда 8:6 есебімен ресейлік балуан алда тұрған еді. Жерлесіміз табандылық көрсетіп, соңғы сәтте жеңісті жұлып алды.

Енді, қазақстандық балуан финалда күреседі. Қазіргі кезде қоржында кемі күміс медаль бар.

Манюрова Рио татамиінде бұған дейін Венгрия балуаны Жанетт Неметті, одан кейін ширек финалда камерундық Аннабель Әлиді жеңген болатын.

Айта кетейік, Гюзель Манюрова Лондонда Қазақстан қоржынына қола медаль салған еді.

Дереккөз: Baq.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x