Руслан Күлекбаев өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Dalanews 21 шіл. 2016 06:03 261

Қылмыскер Руслан Кулекбаев тағылған 8 бап бойынша кінәлі деп танылса, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. «Дегенмен соңғы сөз сот органдарында» дейді 30 жылдық еңбек өтілі бар адвокат Мейіржан Досқараев.

Оның айтуынша, осыған дейін 2 мәрте сотты болып, ауыр қылмысқа барған адам қоғам үшін аса қауіпті.

– 8 баптың әрқайсысының жазасы әртүрлі. Біреуінде 5 жылдан 10 жылға дейін. Біреуінде мысалы 7 жылдан 15 жылға дейін, біреуінде 15 жылдан 20 жылға дейін. Егер оның қылмыс әрекеттері осы 8 бап бойынша дәлелденетін болса, онда өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – дейді білікті заңгер Мейіржан Досқараев.

 

Дереккөзі: "Хабар" телеарнасы

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x