Атамбаев ресейлік БАҚ өкілдерімен кездесті

Dalanews 07 нау. 2016 10:13 230



Президент Алмазбек Атамбаев 3 наурызда Ресейге ресми сапары барысында елдегі жетекші ақпарат құралдарының басшыларымен кездесу өткізді.





Кездесуде Атамбаев Қырғызстанның дамуының басты бағыттары және қырғыз-ресей әріптестігінің негізгі тармақтары туралы сұрақтарға жауап берді. Кездесу «Интерфакс» Агенттігінің бастамасымен ұйымдастырылған.

Атамбаев Ресейде 2 наурыздан бері жүр. Мұның алдында қырғыз президенті ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесті. Тараптар бірлескен жобалардың жүзеге асуы, түрлі салада бірге әрекет етудің болашағы мен еуразиялық интеграцияны дамыту мәселелерін талқылады.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x