"Метрополитен" экс-директоры Өкшебаевтың қамауға алынғаны рас па?

Dalanews 28 шіл. 2015 00:04 277

izpod"Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы тұру агенттігі Алматы «Метрополитенінің» экс-директоры, Алматы қалалық Мәслихатының депутаты Мұрат Өкшебаевтың үстінен қылмыстық іс қозғады" дейді-мыс.

Алайда бұл туралы аталған агенттіктің өзі қандай да бір ақпарат берген жоқ. Агенттіктің баспасөз қызметінің айтуынша, алдағы уақытта аталған мәселеге байланысты БАҚ өкілдеріне арналған жиын өтеді...

Айта кетсек, Алматы «Метрополитенінің» экс-директоры Мұрат Өкшебаевтың үстінен осыдан 6 жыл бұрын қылмыстық іс қозғалып, үн-түнсіз жабылып тынған еді. Ол тұста Өкшебаев үйқамаққа алынып, мұны Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің өзі растаған болатын. «Өкшебаев үйқамақта отыр, уақытша директордың қызметін атқарған Ринат Әбуғалиев тергеу изоляторында жатыр», – деген еді Есімов.

Айта кетсек, 2009 жылы Өкшебаевты қамауға алуға Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комтитеті пәрмен беріп, оған «метро құрылысына бөлінген қаржыны мақсатсыз пайдаланды (олар ерікті сақтандыруға жұмсалған) және қаржылық құжатты рәсімдеуде заңсыз әрекетке жол берді» деген айып таққан болатын.

IMG_2434Сонымен қатар, Есімов аталған айыптауларға қатысты Өкшебаев 120 млн теңгені қалтасына басқанын да айтқан-тұғын. «Тергеу барысында бұл ақша толық көлемде қайтарылды» деген еді қала әкімі.

Ал бұл жолы Өкшебаевқа қандай айыптаулар тағылғаны белгісіз. Анығы, алдағы уақытта бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы тұру агенттігі толыққанды ақпарат береді деп сенеміз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x