Мүлікті жария ету жалғасуда

Dalanews 27 сәу. 2015 04:36 170

Қазір елімізде мүлікті жария ету жұмыстары кең көлемде жүріп жатыр. Мүлікті жария ету дегеніміз – табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және еліміздің заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі екендігін атап өту қажет. Сонымен бірге, жария етілген капитал түрінде  экономикаға қосымша қаражатты тарту – оның басты мақсаты екенін ескерген жөн. Науқан бар мүлікті жария етуге және заңды айналымға енгізуге мүмкіндік береді.

2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Қазақстан азаматтарына, оралмандарға және елімізде тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30маусымдағы ҚР Заңын жүзеге асыру жұмыстары қолға алынып, жан-жақты іске асуда. Аталған заңның 3 бабы 1 тармағы 5 тармақшасына сәйкес Қазақстан аумағында, құрылыс нормаларына және ережелеріне,  жер телімін пайдалану нысанына сәйкес, легализация субъектісінің жекеменшік құқығы бар ғимараттар (құрылыстар, ғимараттар) жария етуге жатады. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Жетісу ауданы бойынша мүлікті жария ету комиссиясы құжаттарды және өтініштерді күн сайын сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының ғимаратында (105 бөлім, тел: 384-27-56; 8701-721-85-44) қабылдап келеді. Әр аптаның дүйсенбі күнінде қабылданған құжаттар комиссия отырысында қарастырылады.  Бүгінде ауданымыз бойынша 640 өтініш қабылданып, комиссия отырысында 590 өтініш қарастырылған. Нәтижесінде мүлікті жария ету бойынша 293 өтініш бас тартылса, 297 өтініш бойынша мүлік жария етілген.

Ел азаматтары Қазақстан аумағынан тыс жерлерде тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша салық органына құжаттарды және өтінішті тапсыруы тиіс екенін хабарлаймыз.

Жетісу ауданы бойынша мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x