Әлемдік шоу-бизнес жаңалықтары

Dalanews 21 сәу. 2015 23:31 352

Мэрилин Монроны кім өлтірді?

№15 Монро

Өлім мен өмірдің арасында жатқан АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының 78 жастағы офицері Норман Ходжес мемлекеттің қауіпсіздігі үшін 1959-1972 жылдары 37 адамды өлтіргенін мойындады. Ол Мэрилин Монроны да өлтіргенін алға тартқан.

Әйгілі актрисаның өлімі күні бүгінге дейін құпия күйінде қалып келеді. Ал АҚШ-тың арнаулы қызметінің агенті өзінің тікелей бастығы, майор Джеймс Хейворттың бұйрығымен М.Монроны өлтіргенін хәл үстінде жатып мойындаған. Агент өзі өлтірген адамдардың арасында саясаткерлер, журналистер, ғалымдар, суретшілер және кәсіподақ белсенділері болғанын алға тартқан. Олар АҚШ-тың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, мүддесіне қайшы әрекеттерге барғандықтан көз жұмыпты. Осы ретте Норман Ходжес өлтірген адамдардың арасында жалғыз әйел М. Монро болғанын да айтты. АҚШ президенті Джон Кеннедимен көңілдес болған М.Монро Куба көсемі Фидель Кастромен де жақын болыпты. Сондықтан арнаулы қызмет өкілдері АҚШ-тың мемлекеттік құпияларын актриса Куба көсеміне айтып қоятынынан қауіптеніп, өлтіріпті. Бірақ Норман Ходжес сөзін куәлік ететін Д.Хейворт әлдеқашан бақилық болған.

 

«Кунг-фу Панда 3» бәсекеден сескенді

№15 ПандаDreamWorks Animation студиясының аниматорлары «Кунг-фу Панда 3» фильмі премьерасын тағы да кешеуілдететіндерін мәлімдеді.

Бұған дейін фильмді түсірушілер «Кунг-фу Панда 3» фильмін 2016 жылдың 29 қаңтар айында жұртшылық назарына ұсынатындарын айтқан еді. Енді ол 2016 жылдың 18 наурызына сырғыды. Үшінші фильмде ашқарақ панда По ертеректе көз жазып қалған әкесімен кездесіп, пандалардың жұмақ мекеніне аттанып, сол жақта түрлі зұлым күштермен күреседі. Бұл жолы мультфильмді дыбыстауға Голливудтың атақты актерлері тартылған. Олардың арасында Брайан Крэнстон, Анджелина Джоли, Сет Роген, Ребел Уилсон, Люси Лью, Мадс Миккельсен, Джек Блэк сынды киножұлдыздар бар. Мамандар DreamWorks Animation «Звездных войн» фильмімен бәсекеге түспеуі үшін премьераны кешеуілдеткенін алға тартуда.

 

Канның шымылдығын әйелдің фильмі ашады

13 мамыр күні әйгілі Кан кинофестивалі 68 рет жалауын көтермекші. Бұл жолы айтулы кинобайқаудың шымылдығын алғаш рет әйел режиссердің түсірген фильмі ашады деп күтілуде.

№15 Кан кинфестивальБайқаудың алғашқы күні көпшілік қауымға фаранцуз режиссері Эмманюэль Берко ханымның «Басыңды тік көтеріп жүр» деп аталатын фильмін ұсынылмақшы. Туындыда тәртіпке бағынбайтын, жиі заң бұзатын Малони есімді кейіпкердің тағдыры суреттеледі. Әлеуметтік қызметкерлер мен балалар үйінің тәрбиешілері бұзық қызды дұрыс жолға бағыттаса да, әрекеттерінен түк шықпайды. Осылайша фильмге қазіргі қоғамның өзекті мәселелері кеңінен арқау болған. Басты рөлдерді Катрин Денев, Бенуа Мажимель, Сара Форестье және Род Парадо сомдайды. Өз кезегінде кинобайқауды ұйымдастырушылардың жетекшісі Тьерри Фремо: «Таңдаудың бұл фильмге түсуінің өзіндік сыры бар. Бүгінде кез келген елден қоғамдық ортаның талабына көнбейтін қыңыр адамдарды кездестіруге болады. Фильмде солардың басындағы ауыр тағдыр көрсетілген. Сондықтан бұл туынды келген қонақтардың бәріне ой салып, жүрегінен орын табатынына сенімдімін», – деді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x