Қазақстанда креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізімі кеңейтіліп, олардың саны 43-тен 53-ке жетті, деп хабарлайды dalanews.kz.
"Нарық жаңалықтары" телеграм арнасының мәліметінше, жаңартылған тізімге енді веб-порталдардың жұмысы, радиохабар тарату, мәдениет саласындағы білім беру, жарнама агенттіктерінің қызметі, кітап шығару, баспа ісі, кино және телебағдарламаларды тарату, кинотеатрлардың қызметі, баспа өндірісінің өзге де бағыттары, сондай-ақ тығын, сабан және тоқуға арналған материалдардан бұйымдар өндіру енгізілді.
Осы өзгерістердің нәтижесінде аталған салаларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер мен ұйымдар креативті индустрия субъектісі ретінде ресми мәртебе алады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдалануға, түрлі даму бағдарламаларына қатысуға және шығармашылық кәсіпкерлікті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.