Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Құрылтайда партия атынан депутаттық мандат иеленетін сегіз кандидаттың тізімін бекітті, деп хабарлайды dalanews.kz.
23 тамызда өткен Құрылтай сайлауының қорытындысы бойынша ОСДП сайлаушылардың 5,11% дауысын жинап, Құрылтайға өтуге мүмкіндік беретін сегіз депутаттық мандатқа ие болды.
Партия Президиумының отырысында Құрылтайда ОСДП атынан өкілдік ететін сегіз кандидаттың тізімі бекітілді.
Олар:
1. Асхат Рахимжанов
2. Мақсұт Насибулов
3. Нұрайнаш Камалова
4. Лариса Ли
5. Аслан Құлмағамбетов
6. Арман Ақылбай
7. Наурыз Сайлаубай
8. Ажар Сағандықова.
Партияның мәліметінше, аталған кандидаттар ОСДП-ның Құрылтайдағы өкілдері ретінде жұмыс істейтін болады. Партия сайлау қорытындысы бойынша алған мандаттарын өз бағдарламаларын іске асыру және сайлаушылардың мүддесін жаңа заң шығарушы органда білдіру үшін пайдаланбақ.