"Зорлау ісі" бойынша күдікке ілінген Күштібаев ұзақ жылға сотталуы мүмкін

Көркем Алдабергенова 30 сәу. 2024 15:03 8195

Прокурор зорлық дерегі бойынша күдікке ілінген Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевты 12 жылға соттауды сұрады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айта кетейік, 5 наурызда Күштібаевтың денсаулығына байланысты сот отырысы кейінге қалған еді. Жедел жәрдем оны сот залынан әкетіп, аурухананың кардиология бөліміне жеткізген.

Еске салайық, былтыр қарашада Талдықорған полициясының басшысы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.

Сонымен қатар, бұған дейін сот отырысы басталғаны да айтылды.

"Талдықорған қалалық соты ҚР Қылмыстық кодексі 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағымен айыпталған күдікті К-ға қатысты қылмыстық істі қарауды бастады. Процесс жабық режимде өтіп жатыр",- деп хабарлады бұған дейін Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінен.

18 наурызда Зорлық дерегі бойынша күдікке ілінген Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы жалғасты. 

Жалпы Күштібаевтың ісі бойынша сот отырысы ақпанда басталған, процесс жабық өтіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу ісі Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігі ("қызметтік міндетін атқару кезінде жасаған зорлау") бойынша жүргізілген.

Ал 5 наурызда Күштібаевтың денсаулығына байланысты сот отырысы кейінге қалған болатын. Себебі жедел жәрдем оны сот залынан әкетіп, аурухананың кардиология бөліміне жеткізген.

Tengrinews.kz мәліметінше, бұл туралы Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеген.

"Қылмыстық кодекстің 120-бабы ("Зорлау") бойынша айыпталып жатқан К. бойынша қылмыстық іс Талдықорған сотында қаралып жатыр. Сот отырысы 28 наурызға белгіленді", - деп жазылған соттың баспасөз қызметі мәліметінде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар