Freedom Inside '26

Жолды жарыс алаңына айналдырған: Абай облысында бес жүргізуші жазаланды

Жолды жарыс алаңына айналдырған: Абай облысында бес жүргізуші жазаланды
Фото: видеодан скрин

Абай облысының Ақсуат ауданында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған той кортежінің жүргізушілері жауапқа тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиға Ақсуат ауылында болған. Полиция мәліметінше, бес көліктен құралған той кортежінің қатысушылары жолда қауіпті маневрлер жасап, жол қозғалысы ережелерін елемеген. Олардың әрекеті өзге жүргізушілердің қауіпсіздігіне қатер төндірген.

Тексеру барысында тәртіп сақшылары оқиғаға қатысқан барлық жүргізушіні анықтады. Әкімшілік жауапкершілікке Hyundai Tucson, Hyundai Santa Fe, Chevrolet, Toyota және Lada Priora көліктерінің жүргізушілері тартылды. Барлық көлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Құқық бұзушыларға қатысты жалпы саны 19 әкімшілік хаттама толтырылды. Олардың қатарында маневр жасау қағидаларын бұзу, қауіпсіздік белдігін тақпау, жолда апатты жағдай туғызу және көлік құралдарын пайдалану талаптарын сақтамау фактілері бар.

Абай облыстық полиция департаменті мерекелік шаралар жол қозғалысы ережелерін бұзуға себеп бола алмайтынын атап өтті. Ведомство өкілдерінің айтуынша, жолдағы қауіпсіздікке қатер төндіретін мұндай әрекеттерге заң аясында қатаң шара қолданылады.