Жезқазғанда жол апатынан кәмелетке толмаған жолаушы қаза тапты. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жол апаты Шолохов көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, BMW көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, электр желісінің бағанасына соғылған.
Апат салдарынан көліктегі кәмелетке толмаған жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Тағы екі адам медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
Жезқазған қаласының полиция басқармасы аталған жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол апатының себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу барысы полиция басшылығының бақылауында.