Freedom Inside '26

Зейнетақы жинағының 2026 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шегі жарияланды

Зейнетақы жинағының 2026 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шегі жарияланды
gov.kz

Зейнетақы жинағының 2026 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шегі жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Төменгі жеткілікті шекті есептеу кезінде мынадай әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылған:

  • ең төменгі жалақы мөлшері - 85 000 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері - 69 049 теңге;
  • ең төменгі күнкөріс деңгейі - 50 851 теңге.

2026 жылы төменгі жеткілікті шек мөлшері орта есеппен 10%-ға өсті, бұл жалпы инфляцияның мәндеріне сәйкес келеді.

ТЖШ немесе ең төменгі жеткілікті шек – салымшы зейнеткерлік жасқа жеткенде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін (ең төменгі базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) алуы үшін шотта қалуға тиіс ең төменгі көрсеткіш.