Жетісу облысындағы білім беру ұйымдарынан 500 миллионға жуық заңбұзушылық анықталды

Жетісу облысындағы білім беру ұйымдарынан 500 миллионға жуық заңбұзушылық анықталды
Фото: Zakon.kz

Жетісу облысындағы білім беру ұйымдарын тексеру барысында жалпы сомасы 495,3 млн теңгеге жуық заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекеттік аудит қорытындысына сәйкес, оның 78,5 млн теңгесі қаржылық заңбұзушылықтарға, ал 416,8 млн теңгесі мемлекеттік сатып алу мен құжат рәсімдеуге қатысты талаптардың сақталмауына байланысты болған.

Заңбұзушылықтарды Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мамандары анықтады.

Бұл мәселелер білім саласындағы қаржылық және қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алуға арналған кеңесте қаралды. Жиында анықталған кемшіліктерді жою, бюджет қаржысының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарындағы қаржылық бақылауды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.