Жетісу облысында жоғалып кеткен 7 жастағы ерекше баланың денесі табылды

Жетісу облысында жоғалып кеткен 7 жастағы ерекше баланың денесі табылды
Фото: видеодан скрин

Жетісу облысында жоғалып кеткен 7 жастағы ерекше баланың денесі өзеннен табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полицияның мәліметінше, 25 мамыр күні сағат 19:50 шамасында баланың жоғалғаны туралы хабар түскен. Алдын ала ақпарат бойынша, ол үйден кешкі сағат 19:30 кезінде шығып кеткен.

Баланы іздеуге полиция қызметкерлері, кинологтар, құтқарушылар мен еріктілер жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары түні бойы тоқтаусыз жүргізілген.

26 мамыр күні таңғы сағат 05:30 шамасында баланың денесі Қаратал өзенінен табылды.

Құқық қорғау органдарының алдын ала дерегіне сәйкес, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.