Зеленский Украинада 60–90 күн ішінде сайлау өткізуге дайын екенін мәлімдеді

Көркем Алдабергенова 10 жел. 2025 09:10

Украина президенті Владимир Зеленский қауіпсіздік қамтамасыз етіліп, қажетті заңдық база әзірленсе, 60–90 күн ішінде сайлау өткізуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол бұл пікірін АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинада билікті жаңарту жөніндегі үндеуіне түсініктеме беру барысында жеткізді.

Зеленскийдің сөзінше, дауыс беруге кедергі болып отырған басты мәселелер - соғыс әрекеттері және әскери жағдай кезінде сайлау өткізудің нақты құқықтық тетігінің жоқтығы. Ол АҚШ пен Еуропа елдерінен сайлау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесуді сұрап, Жоғарғы Радаға заңнамаға қажетті өзгерістерді жедел дайындауға шақырды.

Соғыс жағдайында сайлау өткізу теориялық тұрғыда мүмкін болғанымен, сарапшылардың айтуынша, мұндай қадам тұрақтылыққа айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар