Зеленский Вашингтонға барды: Трамппен келіссөз жүргізеді

Зеленский Вашингтонға барды: Трамппен келіссөз жүргізеді
Фото: Chip Somodevilla / Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ астанасы Вашингтонға келді. Бүгін ол АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөз өткізеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Кездесу жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де (Астана уақытымен шамамен 21:00-де) басталады.

Келіссөзден кейін Владимир Зеленский Дональд Трамппен және Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен бірге АҚШ сенаторы Линдси Грэмді ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысады.

Зеленскийдің айтуынша, Трамппен өтетін кездесудің негізгі тақырыптары – Украинаның баллистикалық зымырандарға қарсы қорғаныс бағдарламасы және Киев пен Вашингтон арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту.

Украина президенті бұл мәселелер екі ел арасындағы қауіпсіздік саласындағы әріптестікті күшейту үшін басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.