Жазира Байырбекова Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанға тілегін айтты

Жазира Байырбекова Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанға тілегін айтты
Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Әнші Жазира Байырбекова Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді. Өнер иесі бұрынғы ерлі-зайыптының ең алдымен балаларының қуанышы үшін ортақ тіл табысқанын қалайтынын айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жазира Байырбекова Мөлдір Мұқан ұйымдастырған мерекелік кешке қатысқан. Оның сөзінше, балалар үшін ата-ананың өзара сыйластықты сақтап, маңызды сәттерде бірге болғаны жөн.

"Мөлдір мен Тұрсынбек екеуі де тойда болса екен. Ең болмаса дос ретінде, балалардың алдында, олардың әр қуанышында бірге болса екен. Бірге көрсек екен деп армандап отырмын", – деді әнші.

Өнер иесі Тұрсынбек Қабатовқа да, Мөлдір Мұқанға да құрметпен қарайтынын атап өтті.

"Тұрсынбекті де, Мөлдірді де құрметтеймін, сыйлаймын. Екеуі де өте жақсы адамдар. Шын жүректен балалары үшін бас қосып тұрса екен деп тілеймін", – деді Жазира Байырбекова.

Әншінің айтуынша, олардың жеке қарым-қатынасынан бұрын балалардың көңіл-күйі мен отбасылық маңызды сәттері алдыңғы орында болуы керек.