Жазира Байырбекова айтыскер Айнұр Тұрсынбаева туралы жазба жариялады

Жазира Байырбекова айтыскер Айнұр Тұрсынбаева туралы жазба жариялады
Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Әнші Жазира Байырбекова айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева туралы жылы естелігін бөлісті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өнер иесі Instagram парақшасында Айнұр Тұрсынбаеваның кезінде өзіне қыз баланың анасы болуын тілеп, арнайы өлең шумақтарын арнағанын еске алды.

"Бір кезде Айекем маған: "Жазира, қыздың анасы бол", – деп өлең шумақтарын арнап еді. 9-10 айдан кейін қызды болдым", – деп жазды әнші.

Жазира Байырбекова осы оқиғадан кейін Айнұр Тұрсынбаеваның айтқан тілектері жиі орындалатынын байқағанын жеткізді.

"Содан бері Айнұрдың аузы дуалы екенін жиі байқап жүрмін. Айекем, жақсы тілегің қабыл болсын", – деп түйіндеді ол.

Жазбаға әншінің оқырмандары да пікір қалдырып, қос өнер иесіне жылы лебіздерін білдірген.