Заңсыз активтердің 1,4 млрд теңгесі қайда жұмсалатыны белгілі болды

Сағыныш Сардарова 25 сәу. 2025 10:46 312

Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына 1,4 млрд теңге бөлінді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметі мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандар салу жобалары жүзеге асырылып жатыр.

Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 1,4 млрд теңге бөлінген. Қаражат 11 нысанның, яғни медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысына бағытталды.

2025 жылы Ақтөбе облысының мына аудандарында фельдшерлік-акушерлік пункттер:

  • Ырғыз ауданы, Нұра ауылы
  • Байғанин ауданы, Ноғайты ауылында салынады.

Сондай-ақ, медициналық пункттер:

  • Шалқар ауданы, Шоқысу ауылы,
  • Шалқар ауданы, Сарысай ауылы,
  • Мұғалжар ауданы, Жарық ауылы,
  • Шалқар ауданы, Тоғыз ауылы,
  • Қобда ауданы, Бегалы ауылы,
  • Ырғыз ауданы, Жарма ауылында  салынады.

Дәрігерлік амбулаториялар:

  • Мұғалжар ауданы, Қайыңды ауылы,
  • Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылы,
  • Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылында салынбақ.

"Медициналық мекемелердің барлығы тәулігіне 25-45 келушіге қызмет көрсетуге есептелген", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар