Заңгер депутат мәлімдемесін сынға алды

Заңгер депутат мәлімдемесін сынға алды
Әлеуметтік желі

Алматыдағы жол апатына қатысты депутаттың пікіріне заңгер Сержан Аршабеков жауап беріп, оны дәлелсіз айыптаулар деп атады, деп хабарлайды Dala News.

Оның айтуынша, нақты дәлелдерсіз айып тағу – жол берілмейтін жағдай, ал бір оқиғаға қарап бүкіл жүйеге баға беру – асығыс қорытынды.

Заңгер осыған байланысты Бас прокуратура мен ІІМ-ге ресми өтініш жолдап, депутаттың сөздеріне құқықтық баға беруді және жала жабу мен жалған ақпарат тарату фактісі бойынша жауапкершілік мәселесін қарауды сұраған.