"Заңды елемейтіндер әлі де бар". Алматыда мопед жүргізушілеріне жаппай айыппұл салынып жатыр

Сағыныш Сардарова 02 мам. 2025 14:59 339

Алматыда мопед жүргізушілеріне жаппай айыппұл салынып жатыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сәуірдің басынан бері Алматыда 2600-ден аса мопед жүргізушісі жол ережесін бұзған.

Мопедтерді пайдалануға қойылатын жаңа талаптар күшіне енгеннен бері (биыл 5 сәуірден бастап) Алматыда мопед жүргізушілері жасаған 2600-ден аса жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелген. 800-ден аса мотокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылған.

Жергілікті полиция қызметінің күшейтілген патрульдік полиция жасақтары қала көшелерінде тіркеусіз, сақтандырусыз және жүргізуші куәлігінсіз мопед жүргізу деректерін күн сайын тіркеп жатыр.

"Мопедтерді пайдалануға қойылатын жаңа талаптар күшіне енген сәттен бастап біз оң динамикаға куә болдық: құжаттарын рәсімдеп, тіркеп жатқан азаматтар көбейіп келеді. Дегенмен заңды елемейтіндер әлі де бар. Азаматтарды мотокөліктерін дер кезінде заңдастыруға шақырамыз. Бұл тек заң талабы емес, сонымен қатар, жеке қауіпсіздік мәселесі. Тіркеу жалғасып жатыр және әркім өз мопедін қолданыстағы ережелерге сәйкес келтіруге мүмкіндігі бар", - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар