Жаңаөзенде мектеп түлектері сыныптасына баспана сыйлады

Жаңаөзенде мектеп түлектері сыныптасына баспана сыйлады
Tengrinews.kz

Жаңаөзенде мектеп түлектері сыныптасына баспана сыйлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Лада" басылымының мәліметінше, Теңге ауылындағы №14 мектептің түлектері мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай қайырымдылық жасап, сыныптастары Қарлығаш Аяповаға үй алып берген.

"Қарлығаш екі баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Бір баласына аутизм диагнозы қойылған. Осыған дейін отбасы ұзақ уақыт жалдамалы пәтерде тұрған. Түлектер оған тұрмысқа қажет барлық жағдай жасалған үйдің кілтін табыстады. Бұл сыйлық Қарлығаш үшін тосынсый болды", - деп жазды басылым.

Желі қолданушылары түлектердің бұл әрекетіне риза болып, жылы пікірін жазып жатыр.