Жанәбіловтер сот үкімінен кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Жанәбіловтер сот үкімінен кейін алғаш рет мәлімдеме жасады
әлеуметтік желіден

Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова сот үкімінен кейін алғаш рет мәлімдеме жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ерлі-зайыпты әлеуметтік желіде ұзақ уақыт үнсіз қалғанын айтып, жаңа күшпен оралғанын жеткізді.

"9 ай үнсіз болдық. 4 ай әлеуметтік желіде болмадық. Осы уақыт ішінде көп нәрсе өтті, соттар, уайым. Отбасымызбен бірге қиын кезеңнен өттік. Бірақ бүгін қайта оралып отырмыз. Жаңа күшпен, жаңа оймен. Осы уақыт бойы бізге жазған, күткен, қолдау көрсеткен жандардың бәріне үлкен рақмет. Сіздердің қолдауларыңыз бізге күш берді", - деп жазды олар.

Блогерлерге "Заңсыз кәсіпкерлік" және "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру" баптары бойынша айып тағылған болатын.

27 сәуірде Астанада өткен сотта Ерболат Жанәбілов мүлкі тәркіленіп, 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған еді.

Ал Эльмира Төлегенова мүлкі тәркіленіп, қауіпсіздігі ең төмен мекемеде 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда кішкентай балалары болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі 2 жылға шегерілді.