Жаңа әкімшілік рақымшылық аясында 2,3 мыңнан астам қазақстандықтың жалпы сомасы 300 миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұлы кешіріледі. Алайда бұл жеңілдік салықтан жалтарған азаматтарға қолданылмайды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, табысын немесе салық салынатын мүлкін жасырған, салық мөлшерін әдейі төмендеткен не салық төлеуден жалтарған азаматтар рақымшылыққа ілінбейді.
Ведомство мұндай құқықбұзушылықтар мемлекеттік бюджетке зиян келтіретінін атап өтті. Сондықтан мұндай заңбұзушылықтарды кешіру туралы шешім қабылданбаған.
Яғни, рақымшылық тек әкімшілік сипаттағы ұсақ құқықбұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарға ғана қатысты болады. Ал салық төлеуден жалтарғандар мемлекет алдындағы берешегін өтеуге міндетті.