2026–2027 оқу жылына арналған мектеп демалыстарының кестесі бекітілді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқушыларды мынандай демалыстар күтіп тұр:
- күзгі демалыс – 1–8 қараша аралығы;
- қысқы демалыс – 25 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін;
- көктемгі демалыс – 21–28 наурыз аралығы;
- жазғы демалыс – 1 маусымнан 31 тамызға дейін (92 күн).
Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша қысқы демалыс қарастырылған: 2027 жылғы 15–21 ақпан аралығы.
2026–2027 оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 31 мамырда аяқталады. Ал мектеп бітіруші түлектер үшін оқу жылы 25 мамырда аяқталады.