Жамбыл облысында ҚТҚ полигонындағы өрт толық сөндірілді

Жамбыл облысында ҚТҚ полигонындағы өрт толық сөндірілді
112 KZ

Жамбыл облысының Құлан ауылынан төрт шақырым жерде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шықты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өртті сөндіруге шамамен 70 адам мен 26 техника жұмылдырылды. Өрттің қайта тұтануына жол бермеу үшін қоқыс массасы қабат-қабат ашылып, су себіліп, топырақпен жабылды. Нысанға жалпы көлемі 950 текше метр инертті материал жеткізілді.

ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіру жұмыстары екпінді жел мен қою түтінге байланысты қиындаған. Оқиға орнында ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштері, «Ауыл құтқарушылары» еріктілері, орман шаруашылығының мамандары, газ құбыры саласының қызметкерлері және ТЖМ медициналық қызметкерлері жұмыс істеді.

Ведомство өрттің толық сөндірілгенін және оның одан әрі таралуына жол берілмегенін хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.