Жамбыл облысында бір апта ішінде үш мәрте жер сілкінісі тіркелді

Жамбыл облысында бір апта ішінде үш мәрте жер сілкінісі тіркелді
ашық дереккөз

Жамбыл облысында бір апта ішінде үш мәрте жер сілкінісі тіркеліп, оның ең жоғары магнитудасы 4,5 баллға жетті. Осыған байланысты республикалық маңызы бар жолдардың жағдайы тексерілді, деп хабарлайды dalanews.kz Аlmaty.tv-ға сілтеп.

"ҚазАвтоЖол" мамандары өңірдегі транзиттік дәліздердегі инфрақұрылым нысандарын толық аралап шыққан. Жалпы сегіз аудандағы 14 жол айрығы, сегіз теміржол өткелі, 100-ге жуық көпір және үш жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі тексерілген.

Тексеріс нәтижесінде ірі зақым немесе қауіпті ақаулар анықталмаған.

Қазір республикалық жолдарда көлік қозғалысы қалыпты режимде жалғасып жатыр.

"Жер сілкінісі кезінде жарықтар пайда болған жағдайда алдымен оның қандай жарық екенін зерделейміз. Апат жағдайында болса, алдын ала тиісті өкілдерге хабар беріледі. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу шаралары ұйымдастырылады. Үш жер сілкінісі кезінде ондай қауіпті жарықтар мен елеулі ақаулар пайда болған жоқ", - деді "ҚазАвтоЖол" АҚ Жамбыл облыстық филиалының бөлім басшысы Біржан Әшіров.