Жамбыл облысында арнайы жасақ инспекторының өліміне қатысты "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
БАҚ мәліметінше, оқиға Қордай ауданындағы арнайы жасақ казармасының дәлізінде болған.
1995 жылы туған инспектор қызметтік қарудан оқ жарақатын алған. Ол ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, кешке қарай қайтыс болған.
Жамбыл облысы Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.