Z ұрпағы, миллениалдар, бумерлер: Қазақстанда кім ең жоғары жалақы алады?

Көркем Алдабергенова 14 қар. 2025 17:06

Қазақстанда ең көп жалақы алатындар - жастар емес. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, 16–24 жас аралығындағы жұмысшылар (Z ұрпағы) ең төмен жалақы алады: 2025 жылы олардың орташа айлығы 279,9 мың теңге, деп хабарлайды Dalanews.kz Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

Кімдер ең жоғары жалақы алады?

Ең жоғары табыс - 35–44 жас аралығындағы қазақстандықтарда. Бұл топта орташа жалақы 455,1 мың теңге. Одан кейінгі орында - 45–54 жас тобы (430 мың теңге).

Жалақысы төмендер:

55 жастан асқандар - 377,4 мың теңге

Жұмыс істейтін зейнеткерлер - 337,3 мың теңге

Білім деңгейі жалақыға қалай әсер етеді?

Ең жоғары айлық - магистратура және аспирантура бітіргендерде:
672,5 мың теңге.

ЖОО бітіргендер - 497,6 мың теңге.
Орта біліммен жұмыс істейтіндер - 289,7 мың теңге, әрі жалақы өсімі де ең баяу.

Өңірлердегі жалақы айырмасы

Ең жоғары орташа жалақы - шикізаттық өңірлерде:

Атырау облысы - 633,3 мың теңге

Маңғыстау облысы - 580,9 мың теңге

Ұлытау облысы - 533,6 мың теңге

Ең төмен орташа жалақы:

Солтүстік Қазақстан

Жетісу облысы - 293 мың теңге шамасында

Түркістан облысы - 295,3 мың теңге

Қандай салаларда ең көп төлейді?

Басшылар мен менеджерлер - 685,9 мың теңге (мемқызметкерлер емес, негізінен жоғары басқарушы буын).

Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, операторлар және жүргізушілер - 460 мың теңгеден жоғары.

Кәсіби мамандар - 443 мың теңге.

Ең төменгі жалақы - біліктілігі төмен жұмысшыларда: 180,2 мың теңге.

Гендерлік айырмашылық

Ерлердің жалақысы барлық санаттарда әйелдерден жоғары.

Өнеркәсіпте айырмашылық 26%, қызмет көрсету саласында - бар-жоғы 4%.

Кім қанша алады?

Барлық жұмыскерлердің:

31% - айына 300–400 мың теңге алады

21,7% - 200–300 мың теңге

21,3% - 100–200 мың теңге

Орташа жалақыдан (≈430 мың тг) жоғары табыс алатындар - 23%. Айына 1,1 млн теңгеден көп алатындар - небәрі 3,9% (шамамен 130 мың адам).


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар