Freedom Inside '26

Израиль президенті Қазақстанға Түркия әуе кеңістігін айналып ұшып келді

Израиль президенті Қазақстанға Түркия әуе кеңістігін айналып ұшып келді
ашық дереккөз

Израиль президенті Ицхак Герцог Қазақстанға Түркия әуе кеңістігін айналып ұшып келді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұшу уақыты шамамен сегіз сағатқа созылған.

Израильдік БАҚ мәліметінше, президент мінген ұшақ балама бағытпен - Еуропа мен Ресей аумағы арқылы ұшқан.

Басылымдар мұндай жағдай алғаш рет болып отырмағанын атап өтті. 2024 жылы да Анкара ұшуға рұқсат бермей, соның салдарынан Ицхак Герцогтің Бакуге сапары тоқтатылған.