Иранның ықпалды дін қайраткері, аятолла Насер Макарем Ширази АҚШ пен Израильге қарсы жиһад жариялағанын ресми түрде мәлімдеді. Ол әлем мұсылмандарын аталған елдерге қарсы «шешімді қарсылыққа» шақырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Аятолланың айтуынша, Иран халқы мен ислам әлемі "революцияның жазықсыз көшбасшысының қаны үшін кек алуды талап етеді".
"Бұл қылмыста істеген басты кінәлі адамдар - АҚШ-тың астамшыл үкіметі мен жау сиониттік режим. Кек алу – осы қылмыскерлердің зұлымдығын жою үшін барлық мұсылманның діни міндеті", – деп мәлімдеді Насер Макарем Ширази.
Бұл мәлімдеме Тегеранға жасалған шабуылдар мен Иран басшылығының өліміне байланысты аймақтағы жағдай күрт шиеленіскен тұста жарияланды. Сарапшылардың пікірінше, аятолланың үндеуі Таяу Шығыстағы ахуалды одан әрі ушықтыруы мүмкін.
