Иранның жаңа жоғарғы жетекшісі болып қаза тапқан аятолла Әли Хаменейдің 56 жастағы ұлы Моджтаба Хаменеи тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz DW агенттігіне сілтеме жасап.
Мұндай шешімді шиит дінбасыларының жоғары өкілдерінен құралған 88 мүшелі Сарапшылар кеңесі қабылдаған.
Әзірге Иран билігі мен мемлекеттік БАҚ бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ. Алайда дереккөздер бұл шешім Ислам революциясы сақшылары корпусының қысымымен қабылдануы мүмкін екенін айтады.
Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін елді уақытша үш адамнан тұратын алқалы кеңес басқарып отыр. Оның құрамына президент Масуд Пезешкиан, сот билігінің басшысы Голям Хосейн Мохсени-Эджеи және Конституцияны қорғау кеңесінің мүшесі аятолла Әлиреза Арафи кірген.
Аятолла Әли Хаменеи Иранды 1989 жылдан бері басқарған және елдің саяси жүйесіндегі негізгі тұлғалардың бірі саналған.
Ол 28 ақпанда басталған АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы кезінде қаза тапты.
