Иран басшысы Қазақстанға ресми сапармен келді. Астана Халықаралық әуежайында Хасан Руханиды ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов қарсы алды.
Сапар аясында Хасан Рухани Қазақстан Президентімен келіссөздер өткізетіні күтіледі, сондай-ақ жоғары лауазымды делегациялармен отырысы өтіп, ықпалдастық жөніндегі құжаттарға қол қою жоспарланған.