Алматыда Қазақстандағы ең қымбат той өтті. Тойда қазақстандық эстрада жұлдыздармен қатар, шенеуніктер де бой көрсетті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазақстандық кәсіпкер, экс-депутат Мақсат Раманқұловтың 50 жас мерейтойында ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов, Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса және Әлихан Бәйменов қонақ болып келген.
Мерейтойда пәтер, автокөлік, саяхат, қымбат ұялы телефондар ұтысқа салынған.
Мақсат Раманқұловтың мерейтойында қазақстандық әншілерден ресейлік эстрада жұлдыздары да өнер көрсеткен.
Кейбір деректер бойынша экс-депутаттың Алматыда өткен мерейтойына 300 адам келген.